казрус ЖОБА ТУРАЛЫ ОРНАЛАСУЫ БАС ЖОСПАР ГҮЛ БАҒЫ БАЛАБАҚША ЖОСПАРЛАУ ГАЛЕРЕЯ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ БАЙЛАНЫСТАР
×

Тым қысқа есім

Поле заполнено неверно

Қате электрондық мекен жай

СІЗДІҢ АУЛАҢЫЗДАҒЫ ЖАСЫЛ
ГҮЛ БАҒЫ

Көлеңкелі ұшар басы бар ағаштар, декоративті бұталар мен гүлдер гүл бағындағы серуен сізді және отбасыңызды ерте көктемнен қара күзге дейін қуантатындай етіп таңдалған. Алма түстес көктем, түймедақ бояулы жаз, алтынға малынған күз және мәңіы жасыл шыршалар мен боз аршаларды ақ кәсеймен көмкерген керемет қыс - үйіңіздің табалдырығындағы тамаша жасыл гүл бағынан асқан не болуы мүмкін! 

СІЗДІҢ АУЛАҢЫЗДАҒЫ ЖАСЫЛ<br/> ГҮЛ БАҒЫ

Тыныш аула

Тұрғын үй кешенінің аулалары бөтендерден оқшау тыныш, жайлы аулаларды құрайды. Аулалар табиғаттың өзі жаратқан жасыл желек пен жарқын бояулармен көмкерілген. Мұнда уақыт тоқтап қалғандай, ал тіршілігі қауырт, қарбаласы мен мәселесі көп қала алыста қалып қойғандай. Көлеңкелі серуендеу аллеялары, жайлы жаппалар, кешке аулаларға жарық беретін шамдар – мұнда бәрі де табиғат аясында тыныштықтан ләззат алу үшін жасалған.

Көпірі бар шағын тоған

Гүлзарлары, көгалдары, ағаштардың көлеңкесінде демалуға арналған орындары бар әсем ландшафтты дизайн ELEMENT аумағында сырт көзден таса жеке әлем жасайды. Сіз үшін тіпті шағын көпірі бар тоған секілді ландшафттың әдемі элементі де ойластырылған. Ол – аптапты күні балалар мен ересектердің нағыз көз қуанышы болмақ.

Балалар алаңдары

Балаларыңызды қыдыруға жібергенде Сіз ешқашан алаңдамайтын боласыз. Ойластырылған архитектураның арқасында балаңыз қашанда көз алдыңызда болады!

Арнайы жабын төселген балалар алаңдары заманауи әткеншектермен, сырғанақтар мен құмсалғыштармен жабдықталған. Тынымсыздар үшін заманауи көше спорттық жаттығу құралдары қарастырылған. Ал доп ойындарына арналған алаң тек жасөспірімдер ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарының да көңілінен шығатыны анық.

Мұнда кез-келген адам жанына жақын дүниесін таба алады!

Стрительная компания 2019 года №1 в Казахстане